Ақтөбе: «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті
Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат тапсырмасы және Ақтөбе облыстық өкілдіктің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық «Қайырқожа», «Әл-Ләтиф» және «Сүлеймен ата» мешіттерінің ұйымдастыруымен «Қайырқожа» мешітінде дін қызметкерлеріне арналған тсеминар өтті. Аймақ имамдары мен ұстаздарының кәсіби біліктілігін одан әрі шыңдауды көздеген басқосу «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» тақырыбына арналды.



































