Жаңалықтар
29 ақпан 2024 228
Мәртөкте 500 келі картоп үлестірілді

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының бас имамы Иманғали Марал имамның ұйымдастыруымен аудандық мешітте жергілікті 50 мұқтаж отбасыға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» жобасы аясында 500 келі картоп үлестірілді.

Әйел-қыздар секторы
29 ақпан 2024 338
Әйелдерге «Қазақы тәрбие – нағыз мұсылмандық тәрбие» атты семинар өтті

Мәртөк аудандық мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» аясында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жетекшісі Кушкарова Кенжегул ұстаз, дәрігер Максимова Баялыш және медбике Жакашова Алма сынды мамандардың қатысуымен «Қазақы тәрбие – нағыз мұсылмандық тәрбие» тақырыбында семинар- трениниг өтті.

Жаңалықтар
29 ақпан 2024 241
Спорттық ойындардан сайыс өтті

«Ислам және дәстүр» құндылығы жылы аясында Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылдық мешітінің асханасында жамағат арасында гір көтеру және шар ату секілді спорттық шаралардан сайыс өтті.

Жаңалықтар
29 ақпан 2024 290
Қари жамағатпен 4-ші рет Құран хатым жасады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде таң және құптан намаздарынан кейін облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Әлденов 4-ші рет күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті.

Жаңалықтар
28 ақпан 2024 1165
Имамдарға көркем уағыз айтудың әдебі атты семинар өтті

ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Мәрток аудандық мешітінде аудан имамдарының білімін жетілдіруге арналған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.

Жаңалықтар
14 ақпан 2024 1349
Қобда имамдарына жылдық жоспар бойынша тапсырмалар берілді

Бүгін Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде аудан, ауыл имамдарына жиналысы өтіп, ҚМДБ бекіткен биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында атқарылатын шаралар жоспары талқыланды.

Жаңалықтар
14 ақпан 2024 1327
«РОКОС» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлы мен технолог Ақмаржан Ержанқызы Ақтөбе қаласындағы «Рокос» шұжық цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.