Жаңалықтар
28 ақпан 2026 86
Рамазан — Құран айы

Рамазан — барша мүмін баласы үшін айрықша мәнге ие қасиетті сәт. Рухани тазару, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену, Аллаға жақындау — осының барлығы өзге айларда сезіле бермейтін тек қана Рамазан берілген ұлы нығмет.

Жаңалықтар
26 ақпан 2026 30
Рамазан – береке айы

Рамазан – береке айы. Ал берекенің бірден бір нышаны жамағат. Басқа кезде жиналмаған жамағат ауызашар мен тарауық намазы уақытында мына дүние мен ақырет үшін пайда әкелетін сауапты іске жиналады.

Жаңалықтар
23 ақпан 2026 32
Рамазан – жақсылық жаршысы

Рамазан айы – Жаратушы тарапынан мұсылман қауымына бір жыл бойы атқарған тірлігіне, істеген күнәларына, жіберген қателіктеріне көз тастап, бір айдың ішінде есеп беретін, тәубе етіп күнәлардан арылатын, қасиетті ай.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 38
Рамазан – мұсылман үмбетіне берілген ең ұлы нығметтердің бірі

Рамазан айы – тек ораза ұстайтын уақыт қана емес, ол – рухани тазару, тәубе, сабыр, Құранмен қауышу, тақуалықты арттыру айы. Сондықтан Рамазанға дайындық – әрбір мұсылманның саналы түрде атқаратын маңызды міндеті.

Жаңалықтар
19 ақпан 2026 30
РАМАЗАН – ЖҮРЕКТІ ТӘРБИЕЛЕЙТІН АЙ

Шын мәнінде, оразаның шынайы сауабы – аштықта емес, тақуалықта. Ал тақуалықтың негізгі орны – жүректе. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тақуалық мына жерде болады», – деп көкірегін үш мәрте нұсқап, адамның тақуалығы жүрегінде болатынын айтқан (имам Бұхари).

Жаңалықтар
19 ақпан 2026 20
ОРАЗА – ЖҮРЕК АМАЛЫ

Ораза – ең алдымен жүректің амалы. Ол – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге бағытталған ұлы құлшылық. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру. Сондықтан оразаны саналы түрде жүрекпен ұстап, оның рухани мәніне терең үңілген абзал. Сонда ғана ораза адамды рухани кемелдікке бастайтын шынайы жүрек амалына айналады.

Жаңалықтар
19 ақпан 2026 79
ПРЕЗИДЕНТТІҢ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елін күллі мұсылман қауымының сағына күтетін мерекесі Рамазан айымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.