Жаңалықтар
04 қыркүйек 2026 84
Бас мүфти «Досжан хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық конференцияда баяндама жасады

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына арнайы келген жұмыс жаспары барысында Ақтөбе қаласында өткен «Досжан хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-танымдық конференцияда арнайы баяндама жасады.

Жаңалықтар
04 қыркүйек 2026 108
АҚТӨБЕ: БАС МҮФТИ БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласындағы орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен рухани шарада Ақтөбе жерінен шыққан ахуандар мен ишандар, сонымен қатар еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухынаарнап, 100 Құран хатым дұғасын жасады.

Жаңалықтар
04 қыркүйек 2026 92
Ақтөбе: Бас мүфти облыстық «Нұр ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтты

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы іссапармен Ақтөбе облысына келді. Сапар барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма уағызын айтты.

Жаңалықтар
01 қыркүйек 2026 150
Ақтөбе: 1000-нан астам балаға оқу құралдары мен сөмке табысталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің бастамасына орай Ақтөбе облысы өкілдігінде «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Игі шараға дін жанашыры, кәсіпкер, т.б демеушілік танытып, соның нәтижесінде 1000-нан астам балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табысталып, қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар бірқатар балаларға мектеп формалары да алып берілді.

Жаңалықтар
31 тамыз 2026 579
«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты шара өтті

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының мұрындық болуымен Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттырып, сүннетті жандандыру мақсатында жамағатқа арнап дастархан жайылып, рухани бас қосу ұйымдастырылды

Әйел-қыздар секторы
31 тамыз 2026 298
Ақтөбеде «Сүннетпен сәулеленген ғұмыр» атты поэзия кеші өтті

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйел-қыздар бөлімінде мешіт ұстазы Анар Қойшығұлованың бастамасымен Мәуліт айына орай «Сүннетпен сәулеленген ғұмыр» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
31 тамыз 2026 142
АҚТӨБЕ: ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫНА 5 КҮН ҚАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2026 жылдың 5-6 қыркүйек күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХV республикалық байқау» өтеді.

Жаңалықтар
31 тамыз 2026 130
Алғада «Пәтуа сағаты» өтті

Алға аудандық мешітінде Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Амаанов Алғада «Пәтуа сағатын» өтті.

Жаңалықтар
29 тамыз 2026 163
Ақтөбе: Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде 300 балаға оқу құралдары мен сөмке табысталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің бастамасына орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Игі шараға дін жанашыры, кәсіпкер Берік Сералыұлы отбасы атынан 4 000 000 теңге демеушілік танытып, соның нәтижесінде 300 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер салтанатты түрде табысталды. Одан бөлек қайырымдылық шарасында оқушыларға аяқ киімде берілді.