Жаңалықтар
06 мамыр 2022 187
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСҚОСУДА БІРНЕШЕ БАСТАМА КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан қаласында «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиынды ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізіп, баяндама жасады.

Жаңалықтар
06 мамыр 2022 264
МҰСЫЛМАННЫҢ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫ

Мұсылман атқаруы керек болған міндеттері бес түрлі болады. Оның бірінші, Алла Тағалаға мен ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты орындалуы тиіс міндеттері; екінші, адамның өзінің алдындағы міндеттері; үшінші, отбасының алдындағы міндеттері; төртінші, Отаны алдындағы міндеттері; ал бесіншісі, адамзат алдындағы міндеттері болып табылады. Біздің бүгінгі уағызымызға арқау болған тақырып – мұсылманның отан алдындағы борышы мен міндеттері.

Жаңалықтар
06 мамыр 2022 182
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан «Мүфтилер алқасы» мен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтау хатын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров оқып берді.

Жаңалықтар
06 мамыр 2022 168
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Жаңалықтар
06 мамыр 2022 198
ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында түркі мемлекеттерінің мүфтилері, атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Бабалар рухына 100 Құран хатым» рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар
05 мамыр 2022 183
ҚМДБ: ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ «МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫ» МӘЖІЛІСІ ӨТЕДІ

6 мамыр күні Түркістан қаласында түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» мәжілісі мен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Жаңалықтар
05 мамыр 2022 156
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛИ ЕРБАШПЕН «МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ» МАҢЫЗЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» аясында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесті.

Әйел-қыздар секторы
05 мамыр 2022 327
Ақтөбе облысы: Ораза айттан репортаж (Фото)

Жер бетіндегі барша мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза Айт мейрамына орай айт намазына 35 мың адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.

Жаңалықтар
05 мамыр 2022 169
БАС МҮФТИ КАВКАЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен бүгін елімізге Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде келді.