Шәкірттер Құранға түсті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде 20 шәкірт Құранға түсті. Мешітте өтетін сауат ашу курсына үнемі жауапкершілікпен қарап, ынталы ниеті мен әрекетінің нәтижесінде шәкірттер Құран оқудың ережелерін игеріп, қасиетті кітапты тиісті деңгейде оқуды үйренді.



































