Нуриддин Абдусамадұлы 195

Нуриддин Абдусамадұлы

01 қазан 2020 36316 Оқу 1 минут

Нуриддин Абдусамадұлы - 1986 жылы сәуір айының 22-ші жұлдызында Түркияда дүниеге келген.

2000 жылы өз отанына оралып, 2001-2004 жылдары аралығында ОҚО Шымкент қаласында «Дар әл арқам» Құран Кәрімді жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттаумен бірге пысықтап қайталап шықты.

2006-2012 жылдары Египетте «Әл-Азхар» университетінде білім алған.

2015 жылы «Нұр мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығын бітірген.

2003 жылы Сауд Арабия мемлекетінің Жидда қаласында жасөспірімдер арасында халықаралық Құран жарысына қатысқан.

2004 жылы Шымкент қаласы өкілдігі ұйымдастырған Құран жарысында 30 парадан бірінші орын алған.

2009 жылы Алжир елінде халықаралық Құран жарысына қатысқан.

2015 жылы Алматы қаласында өткен Құран жарысында 30 парадан бірінші орын алған.

2002 жылдың Рамазан айынынан бастап толық Құран хатым өтуде.

2014-2017 жылдары Алматы қаласы, «Калкаман-2» мешітінің азаншысы.

2017-2018 жылдары Алматы қаласы, «Ақсай» мешітінің ұстазы.

2018-2019 жылдары «Таугүл-3» мешітінің ұстазы.

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы, «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің ұстазы.

Үйленген, 3 баласы бар.