ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «АТА БЕЙІТ» КЕШЕНІНДЕГІ ЗИЯРАТ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті. Мемлекет басшысымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да кешендегі зиярат рәсіміне қатысты.



































