Ақтөбе: Облыс әкімі «Ақтөбе» медресе-колледжіне барды
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Алға ауданындағы іс-сапарында Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжіне барып, ұстаздар және студенттермен жүздесті.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Алға ауданындағы іс-сапарында Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжіне барып, ұстаздар және студенттермен жүздесті.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Адамға алғысы жоқтың, Аллаға шүкірлігі жоқ» атты рухани кеш өтті. Аталған шараға тек Ақтөбе қаласынан ғана емес, Мұғалжар, Хромтау, Алға, Шалқар, Қобда аудандары мен Астана қаласынан жалпы 120 жуық әйел жамағаты қатысты.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Ермекбайұлы, Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов пен аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Бөлекбаев Нұрсұлтан, ал Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылдық мешітің имамдары Ахметқалиұлы Қашақбай және Жағыпаров Нұрхан, Бөгетсай ауылдық «Ақ-Нұр» мешітінің имамы Аққазыұлы Жомарт және ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі 12 әйел ұстаз бен республикалық «Мұнара тв» телеарнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова алғыс хатпен марапатталды.
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Аташев пен мекеменің Бас сарапшысы, технолог Айжан Омарова арнайы іс-сапармен Ақтөбеге келді.
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағатқа ауданның Бас имамы Ерік Сұлтанов ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағытын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Сауд Арабия Королдігінің (САК) Қажылық және ұмра министрлігінің арасында жасалынған келісімшарт негізінде Қазақстан азаматтарына 4000 қажылық орны алынған болатын.
Ақпан айында Ақтөбе облысы өкілдігінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ-ға қарасты өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары және жергілікті жаны жомарт демеушілердің көмегімен «Қолдан қолға» қаржылай қайырымдылық көмек, «Мешіт пен медреселерге көмек», «Қайырымды жұма», «Киім кешек», «Раббың үшін құрбан шал» акциялары аясында 32 қайырымдылық іс-шара өтті.
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн!
РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – Жат ағымнан сақтандыру мақсатында Шалқар ауданына РАНТ мүшесі, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев келіп, 1 күнде 610 адаммен жалпы кездесу өткізді.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы №1 «Әлеуметтік көмек көрсету» орталығындағы қарттармен жүздесті.
Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қ.Тілепбергенұлы атындағы саз мектебіндегі оқушылармен 3 кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» аясында «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әжелер мектебі — тәрбие негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғали «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында №9-ші түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен жалпы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы 125 highschool мектеп оқушыларымен кездесті.