Тасбулатов Бекзат Дулатұлы 522

Тасбулатов Бекзат Дулатұлы

16 ақпан 2021 872 Оқу 1 минут

2003 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2010-2018 жылдары Ақтөбе қаласындағы 31-ші мектепте 9 сыныпты тәмәмдаған. Мектеп оқып жүрген кезінде Ақтөбе облысы бойынша Құран жарыстарының женімпазы әрі жүлдегері болған. 7 жыл спортпен айналысқан.

2018-2020 жыл аралығында Алматы қаласы «Ынтымақ» қарилық медресесінде Қартабаев Саламат ұстаздың қолында оқып, сол медреседе Құранды толық жаттап аяқтап бітірген.

2020 жылы Нұр-сұлтан қаласында өткен IX-шы Республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы атынан шығып, Құран Кәрімнің 20 парасынан 3-ші орынды иеленген.

Қазіргі танда Туркия Республикасы, Стамбул қаласында «Марказуд Дияриш Шамия» атты Құран жаттау орталығында Абдулхаким есімді шейх-ғалымға Құран Кәрімді толық тапсырып, «ижаза» алған. Сонымен қатар Осман есімді шейхқа Құранды қайтадан тапсыруда. Және аталмыш ғалымнан «әт-Тибиян фи хамалатил Қуран» атты кітаптан ижаза алған.