Жаңалықтар
13 тамыз 2025 257
«Qamqor-Sharapat» орталығының өкілі Шалқарда семинар өткізді

Шалқар ауданында Ақтөбе облысы бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының жауапты маманы Мәжит Әбішев «Уақып – сарқылмайтын садақа» және «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бойынша жамағатқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жаңалықтар
13 тамыз 2025 41
Бәсекеге қабілетті ұлт болу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабай жерінде өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында осылай деп атап көрсетті. Бұл ретте Президент ұлттық мүддемізді қорғау үшін алдағы уақытта да ұтымды әрі байыпты әрекет етуіміз қажеттігіне, осы мақсатты орындау жолында ұлттық ой-санамыздың мықты болуына ерекше назар аударды.

Әйел-қыздар секторы
10 тамыз 2025 186
Бас мүфтидің кеңесшісі сұхбат берді

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай Бас мүфтидің кеңесшісі, ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Ақтөбе облысына келген арнайы іс сапарында өкілдіктің ютюб арнасына «Сабыр әлде шүкір: мұсылманға қайсысы бірінші керек?» тақырыбында сұхбат берді.

Жаңалықтар
10 тамыз 2025 136
АБАЙ СӨЗІ – ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл толады. Абай қазақ тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап, өршіл өлеңдерімен өр биікке көтерілді. Тағылымға толы қарасөздерін қалдырып, композиторлығымен қаншама сыршыл әндерді өмірге әкелді. Абайдың ағартушылығы қазақ қоғамын мәдени, рухани, білім жағынан өркендетуге бағытталды. Сонымен қатар Абай ғұлама, ойшыл ретінде де танылып, ұлттың ұпайын түгендеген дара да дана тұлғаға айналды. Сондай-ақ аудармашы ретінде Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақша сөйлетті. Сондықтан біз Абайды сан қырынан танимыз. Сан-салалы қызметі үшін бағалаймыз, құрметтейміз.

Жаңалықтар
08 тамыз 2025 129
Бас имам мен шәкірттер «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты байқауға қатысты

Абай Құнанбайұлының ақын шәкірттерінің шығармаларын насихаттау және өскелең ұрпақтың оқу белсенділігін арттыра отырып кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында Шалқар ауданында «№3 қалалық кітапхана» және «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты байқау №3 қалалық кітапханада өтіп, оған Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының шәкірттер қатысты.