Әйел-қыздар секторы
23 маусым 2025 82
Сенбілік уағыз өтті

Жамағаттың діни сауатын көтеріп, білім деңгейлерін арттыру, дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттау мақсатында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында әр сенбі сайын сенбілік уағыз өтіп келеді.

Жаңалықтар
23 маусым 2025 90
Соғыста хабарсыз кеткен боздақтарға Құран бағышталды

Қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде имамдар намазға келген жамағатпен бірге екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап бір мезгілде Құран оқып, дұға бағыштады.

Әйел-қыздар секторы
23 маусым 2025 131
#Иманижаз2025 : Шәкірттерге “Құранда аты аталған Пайғамбарлар қиссасы” атты анимациялық фильм көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Елшібекова Назерке “Имани жаз” сауат ашу лагерьінің шәкірттеріне “Құранда аты аталған Пайғамбарлар қиссасы” атты анимациялық фильм көрсетті.

Жаңалықтар
22 маусым 2025 22
«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне 10 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Шараға қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты.

Әйел-қыздар секторы
20 маусым 2025 93
Медицина мамандарынан кеңес берілді

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Ислам және құндылығы” жылы аясында мешіт шәкірттері және болашақ ақ халатты абзал жандар “Мен таңдаған мамандық. Медицина мамандарынан кеңес” атты семинар өтті.

Әйел-қыздар секторы
20 маусым 2025 118
#Иманижаз2025 : Білім сайысының жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің жанындағы әйелдерге арналған сауат ашу курсында 9 жас пен 15 жас аралығындағы шәкірттер арасында «Алланың 99 көркем есімі» тақырыбында білім сайысы өтті.

Жаңалықтар
19 маусым 2025 23
Қарауин университетінде ҚМДБ делегациясына тарихи қолжазбалар таныстырылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Марокко Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әйгілі Қарауин университетінде болды. Сапар аясында делегация мүшелері университет жанындағы көне қолжазбалар сақталған орталықтың жұмысымен танысты.

Жаңалықтар
19 маусым 2025 21
ҚМДБ делегациясы Марокконың көне Қарауин университетінде болды

Марокко Корольдігіне арнайы іссапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әлемдегі ең көне жоғары оқу орны – Қарауин университетіне барды. Делегацияны оқу орнының ректоры, профессор, доктор Амал Жәлал мырза өзі қарсы алып, білім ордасының тарихымен және қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды.