НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түні елордадағы Республикалық бас мешітте жамағатпен жүздесіп, Құран хатым дұғасын жасады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түні елордадағы Республикалық бас мешітте жамағатпен жүздесіп, Құран хатым дұғасын жасады.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 2 тонна 500 кг қамтитын азық-түлікті қамтыған «Рамазан сыйы» 104 отбасыға табысталды.
Рамазан — ізгілік айы // Рамазандағы үзірлі жағдайлар / Підия садақасы
ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ // «Ауызашар»: Тамақтану орындары мен кондитерлік өнімдер
ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ // Наурыз мерекесі көрісу күнінен басталады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің кітапханасында «Әжелер мектебінің» мұшелері мен мешіт шәкірттеріне «Ислам және отбасы құндылығы» аясында насихат айтылды.
Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айындағы жоспарына сай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында ауызашар кезінде мешіт асханасында 500 адамға наурыз көже таратылды.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Мұнара» арнасының Рамазан айына арналған кезекті бағдарламасы түсіріліп, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты, «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы Амантай Үмбетай мен Ақтөбе облының Бас имамы Амантай Садиев қонақ болды.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде кезекті «Пәтуа сағаты» өтті.
Рамазан айында Құран оқу курсы жалғасып жатыр. Жалпы курсқа қатысатын шәкірт саны 50.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шалқар ауданының имамдары зейнетке шыққан мешіт қызметкерлерін зиярат етіп, Рамазан сыйлықтарын табыстады.
Қасиетті Рамазан айы отбасылық мереке. Бұл Рамазанның қадір-қасиетін, ерекшелігін балалар да білуі, сезінуі тиіс. Осыны мақсат тұтқан “Бақытжан” мешіті жамағаты еліміздің болашағы деп, әрі имандылық тәрбиесін жастайынан сіңіру үшін “Ислам және Отбасы құндылығы” жылында балаларға арналған ауызашар берді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айының жоспарына сай Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен 15 оқушыға «Рамазан тәттісі» табысталды.
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген әз Наурыз мерекесін атап өту исі қазақтың әрқайсысына жарасымды дәстүр. Күн мен түннің теңелетін, ақтың молаятын, табиғаттың жаңғыратын, жаңаратын кезеңі қазақта “Ұлыстың ұлы күні” деп аталады.