Уәлиев Шохан Нұралиұлы 219

Уәлиев Шохан Нұралиұлы

10 қазан 2020 815 Оқу 1 минут

Шохан Нұралиұлы Уәлиев – 1996 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында дүниеге келген.

2009-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы «Дар әл-Арқом» атты қарилар дайындау медресесінде Құранды толық жаттап шыққан.

2013-2017 ж.ж. Алматы қаласындағы Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы бойынша түлегі.

Қазіргі таңда Ливан Республикасы «Триполи» университетінде білімін жалғастыруда.

2015 жылы Алматы қаласы «Байкен» мешітінде өткен Республикалық Құран жарысының 2-ші орын жүлдегері.

Малайзия, Бахрейн, Туркия, Дубай мемлекеттерінде өткен әлемдік Құран жарыстарына қатысқан.

Малайзияның 2015 жылы Куала-Лумпур қаласында өткен Құран жарыста алғашқы 10 үздік қарилардың қатарына енген.

Түркияның Стамбул қаласында болған 2016 жылғы әлемдік Құран жарысының 2-ші орын иегері.

2013 жылдан бері еліміздің мешіттерінде Рамазан айында хатым Құран оқуда.