Жаңалықтар
24 қазан 2024 361
«Спорт – өмір серігі» атты волейболдан жарыс өтті

ҚМДБ «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында және еліміздің еңселі мерекесі Република күніне орай Ақтөбе қаласы "Қабақ баба" мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Алматы ауданы аймағында орналасқан мешіттер имамдары мен жамағаттары арасында «Спорт-өмір серігі» атты тақырыбы негізінде волейболдан жарыс өтті.

Жаңалықтар
24 қазан 2024 396
Ауған соғысы ардагерлеріне қайырымдылық жасалды

Республика күні және мүмкіндігі шектеулі жандардың күнінің құрметіне орай Ақтөбе облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер қоғамы және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде 40 мүмкіндігі шектеулі азаматқа азық-түлікке толы қоржындар таратты.

Жаңалықтар
24 қазан 2024 390
Хромтау: Ауданымызда «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады. Бұл игі істі аудандық ардагерлер мен аналар кеңесі мүшелері және Ішкі істер басқармасы бірлесіп қолға алған. Өйткені еліміз бойынша жасалған қылмыстың үштен бірі ащы су салдарынан болған.