Әбішев Қуаныш Тоқсанбайұлы 115

Әбішев Қуаныш Тоқсанбайұлы

20 қыркүйек 2020 855 Оқу 1 минут

Әбішев Қуаныш Тоқсанбайұлы 1990 жылы 29 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Асқар ауылында дүниеге келген.

1996-2007 ж.ж. өзі туылған ауылындағы №135-ші А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектепті тәмамдаған.

2007-2011 ж.ж. Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавр деңгейін бітірген.

2011-2013 ж.ж. жоғарыда аталған университеттің «дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтаған.

Қуаныш Тоқсанбайұлы университет сабағымен қатар қарилықты да бірге алып жүрген.

2009-2012 ж.ж. Алматы қаласы, Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешіті жанындағы қарилық медресесінде оқыған. Медреседегі ұстаздары елімізге белгілі Жұмабаев Данияр, Садырханов Жұманазар қарилар.

2013 жылдан бастап Алматы қаласындағы Төле би, Ақсай мешіттерінде ұстаздық, наиб имам қызметтерін атқарып келеді.

Қуаныш Тоқсанбайұлы Индонезия, Иран елдеріндегі әлемдік Құран жарыстарына қатысқан. Еліміздегі республикалық деңгейдегі Құран жарыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы.

ҚМДБ РАНТ мүшесі.

Үйленген. Екі қыз, бір ұлы бар.