Жаңалықтар
06 қыркүйек 2026 246
Ақтөбе: XV республикалық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Бүгін Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХV республикалық байқауы мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Жаңалықтар
06 қыркүйек 2026 84
БАС МҮФТИ ДОСЖАН ХАЗІРЕТ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Темір ауданына арнайы барып, Досжан ишан Қашақұлының кесенесіне зиярат жасап, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Жаңалықтар
06 қыркүйек 2026 115
Ақтөбеде Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша XV республикалық байқауына орай «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілінің ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті. Сауабы мол игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Жаңалықтар
06 қыркүйек 2026 137
Ақтөбе: Бас мүфти қазақи нақыштағы кітапхананың ашылуына қатысты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапары аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі қазақи нақышта жаңа кітапхананың ашылу рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар
06 қыркүйек 2026 365
Ақтөбелік қари республикалық Құран жарысында 4 орын иеленді

Бүгін XV республикалық Құран жарысында Ақтөбелік қари Бекзат қари Тасболатов (толық Құран 30 парадан ) 4 орын иегері атанды. Жалпы Құран жарысына 20 өңірден 9 жас пен 30 жас аралығында 4 номинация бойынша 80 қари қатысты.

Жаңалықтар
05 қыркүйек 2026 161
Ақтөбе: Бас мүфти 3 мешітке қызметтік автокөліктің кілтін табыстады

Бүгін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін жанашырлары мен кәсіпкерлер Ақтөбе қалалық орталық мешіті және Хромтау аудандық «Нұр» мешіті мен Байғанин аудандық орталық мешітіне жаңа Chevrolet Cobalt қызметтік автокөлік уақып етті. Аталған көліктердің кілтін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде салтанатты түрде табыстады.

Жаңалықтар
05 қыркүйек 2026 121
Қарилар «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша ХV республикалық байқауы басталды. Жарыс барысында ақтөбелік қари 20 парадан қатысушысы Мырзабаек қари Хамитов пен 30 парадан қатысушы қызылордалық Нұртілеу қари Серікұлы «Мұнара» телеарнасы мен өңірдегі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Әйел-қыздар секторы
05 қыркүйек 2026 118
АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық байқауының қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан салтанатты кешкі ас ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
05 қыркүйек 2026 348
Ақтөбеде «Досжан Хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық конференция өтті

Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Досжан Хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Игі шараға ҚМДБ төрғасы, зиялы қауым өкілдері, дін мамандары, ғалымдар БАҚ өкілдері, т.б жалпы 250 адам қатысты.