Құрбан Яхия Сансызбайұлы 177

Құрбан Яхия Сансызбайұлы

26 қыркүйек 2020 1163 Оқу 1 минут

Құрбан Яхия Сансызбайұлы


1998 жылы 30 қыркүйекте Мысыр Республикасы, Каир қаласында дүниеге келген.

2005-2017 ж.ж. «Әл-Әзһар» университетінің орта мектебін тәмамдаған. Құрбан Яхия мектеп сабағымен қатар қарилықты да бірге алып жүрген.

2009 жылы Құранды Каир қаласында толық жаттап тәмәмдаған. Әрі қарай Құран Кәрімді пысықтап, Иджаза алуға Құран тапсырған. Қазіргі таңда оның 3 Қырағаттан (6 риуаяттан) Иджазасы бар. Құрбан Яхия Индонезия, Мысыр, Кувейт, Судан елдеріндегі әлемдік Құран жарыстарына қатысып жүлделі орындар алған. Еліміздегі республикалық деңгейдегі Құран жарыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы. Атап айтқанда 2013 және 2015 жылдары Республикалық Құран жарыстарының бірінші орын иегері.

Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірлігінде білімін жалғастыруда.