Ақтөбедегі ірі өндіріс орындарында халал стандарты бойынша аудит жүргізілді 6837

Ақтөбедегі ірі өндіріс орындарында халал стандарты бойынша аудит жүргізілді

27 қараша 2026 17 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында орналасқан «Айс-плюс», «РОКОС Ко» және «Молочные истории-А» серіктестіктерінде жоспарлы тексеріс жұмыстары өтті.

Ақтөбе облысына арнайы іссапармен келген ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог-мамандар Жанар Мұратқызы, Ақмаржан Ержанқызы және өңірдегі жауапты өкіл, Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли аталған кәсіпорындардың өндірістік қызметімен танысып, өнім дайындаудың әрбір кезеңін шариғат пен стандарт талаптарына сәйкес тексерді.

Тексеріс барысында шикізаттың шығу тегі, өнім құрамы, өндірістік жабдықтар, технологиялық үдерістер және санитарлық-гигиеналық жағдайлар жан-жақты зерделенді. Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптарын өндіріс барысында сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның негізгі мақсаты – отандық өндірушілердің халал стандартына сәйкестігін бағалау және сертификаттау ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі