Әйел-қыздар секторы
12 қараша 2026 54
«Жастар және қоғам» атты рухани-танымдық шара өтті

Шалқар аудандық қайырымдылық мекемесінде әйел жамағатына арналған «Жастар және қоғам» атты рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды шараға ауданның белсенді әйелдер қауымы мен қыз-келіншектері қатысты.

«Ақтөбе» медресе-колледжі
12 қараша 2026 74
«Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөліміне құнды кітаптар табысталды

ҚМДБ Ақтөбе облысына өкілдігіне қарасты қаладағы «Әзіреті Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе» медресе-колледжінің қыздар бөліміне классикалық діни еңбектер табысталды.

Әйел-қыздар секторы
09 қараша 2026 72
Ақтөбе: Сансызбай Құрбанұлының «5 асылын білсеңіз» кітабы талқыланды

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында белгілі исламтанушы, наиб мүфти, ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ және Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Шоқановтың «5 асылын білсеңіз» атты кітабын талқылауға арналған арнайы басқосу өтті.

Әйел-қыздар секторы
09 қараша 2026 195
Ақтөбеде «Ұлттық құндылық және отбасы институты» атты қалалық семинар өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Ұлттық құндылық және отбасы институты: дәстүр, тәрбие, болашақ» тақырыбында қалалық рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
09 қараша 2026 83
Үздік шәкірттер марапатталды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде діни сауат ашу курсының үздік шәкірттері марапатталды. Рухани шара барысында дәріске тұрақты қатысып, Құран оқуды бастаған шәкірттердің жетістігі ерекше атап өтілді.

Жаңалықтар
09 қараша 2026 99
РАНТ мүшесі Ерлан Кенжин Мұғалжар ауданына барды

Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, «Орал» медресе-колледжінің ұстазы, Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінде наиб имамы Ерлан Аютұлы Кенжин арнайы іс-сапармен Мұғалжар ауданына барды. Сапар аясында жергілікті тұрғындар мен мешіт жамағаты үшін бірқатар рухани-танымдық және ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
06 қараша 2026 86
Ақтөбе: «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат тапсырмасы және Ақтөбе облыстық өкілдіктің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық «Қайырқожа», «Әл-Ләтиф» және «Сүлеймен ата» мешіттерінің ұйымдастыруымен «Қайырқожа» мешітінде дін қызметкерлеріне арналған тсеминар өтті. Аймақ имамдары мен ұстаздарының кәсіби біліктілігін одан әрі шыңдауды көздеген басқосу «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» тақырыбына арналды.

Жаңалықтар
06 қараша 2026 64
«Мұнара» телеарнасындағы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының 100-ші саны түсірілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ағартушылық және рухани бағытта тәулік бойы хабар тарататын «Мұнара ТВ» мүфтият арнасының танымал жобаларының бірі — Ақтолқын Тажикованың «Жұмадағы жүздесу» авторлық бағдарламасының 100-ші саны түсірілді.

Жаңалықтар
06 қараша 2026 61
«Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына ХV республикалық Құран жарысы арқау болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ағартушылық және рухани бағытта тәулік бойы хабар тарататын «Мұнара ТВ» мүфтият арнасының эфирінен «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді. Экрандық жобаның бұл саны ҚМДБ-ның айтулы шарасының бірі, Ақтөбе қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ХV республикалық байқауға арналды.

Жаңалықтар
06 қараша 2026 88
Ақтөбеде имамдардың кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған ғылыми-танымдық семинар өтті

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әлидің тапсырмасы және жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық «Қайырқожа», «Сүлеймен ата» және «Әл-Ләтиф» мешіттерінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған ғылыми-танымдық семинар өтті

Жаңалықтар
06 қараша 2026 95
Ақтөбеде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында имамдар арасында волейболдан турнир өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Ақтөбе қалалық «Әл-Ләтиф», «Сүлеймен ата» және «Қайырқожа» мешіттерінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының имамдары және ұстаздары арасында волейболдан турнир өтті.

Әйел-қыздар секторы
03 қараша 2026 70
Құран тәпсірінен дәрістер басталды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатқа арналған Құран Кәрім тәпсірінің апталық дәрістері өткізіліп жатыр. Сабақ әр сенбі сайын мешіт ұстазы Гүлжайнар Мұсақызының жетекшілігімен тұрақты түрде ұйымдастырылады.