Ақтөбеде «Халал – шариғат талабы» атты танымдық кездесу өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» жобасы аясында «Халал – шариғат талабы» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Шараның арнайы қонағы – ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының директоры Айбек Асқарбекұлы көпшілікке адал астың шариғаттағы орны мен маңызын, сондай-ақ халал өнімдерді тұтынудың жауапкершілігін кеңінен түсіндіріп, тағылымды ойларымен бөлісті.
Басқосудың негізгі мақсаты – мешіт жамағатына шариғат талаптарын насихаттау, халал өнімдерді тұтыну мәдениетін қалыптастыру және діни сауаттылықты арттыру.
Рухани кеш соңында 120 адамға арнайы дастарқан жайылып, ас берілді. Тағылымды жүздесу жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, өзара рухани байланысты арттыра түсті.
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






































