Ақтөбеде Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша XV республикалық байқауына орай «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілінің ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің қайырымдылық керуені өтті. Сауабы мол игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.




































