«Тәлімгер тағылымы» кітабына арналған апталық өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде әйелдер жамағаты арасында «Тәлімгер тағылымы» кітабына арналған танымдық апталық ұйымдастырылды.
Апталық барысында қатысушылар алдымен кітаптың мазмұнымен тереңірек танысып, ондағы ой-тұжырымдар мен тағылымды өсиеттерге назар аударды. Кейін оқылған материалдар бойынша сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, түрлі танымдық ойындар өтіп, белсенділік танытқан шәкірттерге тәтті сыйлықтар тарту етілді.
Сонымен қатар мешіт ұстазы Гүлсара Әлібекқызы кітап мазмұнына негізделген уағыз айтып, ондағы өнегелі ойлардың күнделікті өмірдегі маңызына тоқталды.
Шара соңында мешіт жамағатына дастарқан жайылып, қатысушылар шай үстінде өзара пікір алмасты.
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі









































