Ақжолтай Бақытжан 114

Ақжолтай Бақытжан

20 қыркүйек 2020 1576 Оқу 1 минут

Бақытжан Ақжолтай

1987 жылдың 26 желтоқсанында дүниеге келген.

1993-2004 ж.ж. аралығында орта білім алған.

2000-2004 ж.ж. аралығында қарилық медреседе Құранды толық жаттап шықты.

2005-2007 ж.ж. Алматы облысы «Зұха Батыр» мешітінде білім алды.

2007-2008 ж.ж. «Бұрындай» қарилар медресесінде оқыды.

2008-2012 ж.ж. Египет Араб республикасындағы әлемге әйгілі Әл-Әзһар қырағат факультетінде білім алды.

2010-2012 ж.ж. Әл-Әзһар қырағат факультетінің ұстазы, он қырағат иесі Жамал Мухаммад шейхтан «Хафс ан Асым» риуаятынан ижаза алды.

2012-2016 ж.ж. «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университетін үздік бітіріп, Иран, Египет, Малайзия елдерінде халықаралық Құран жарысына қатысты.

2012-2014 ж.ж. «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университетінің дайындық күрсында ұстаздық қызмет етті.

2014 жылдан бері Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты «Бақыткелді» мешітінде найб имам қызметін атқарады.

2005 жылдан бері Құранды хатым етіп жүрген толық қари.

Үйленген. Екі ұл, бір қызы бар.