«Ар-рахим» мешітіне бас имам тағайындалды
Күндердің сұлтаны — жұма күні жаңадан ашылған «Ар-рахим» мешітіне ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып Елмұрат Мырзабаев тағайындалды.
Күндердің сұлтаны — жұма күні жаңадан ашылған «Ар-рахим» мешітіне ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып Елмұрат Мырзабаев тағайындалды.
Күндердің сұлтаны — жұма күні жаңадан ашылған «Анашым» мешітіне ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып Мәди Орынбай тағайындалды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің жылдық жоспары негізінде 14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне орай қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданында «Рухани танымдық орталық» атты кеңістігі бар, онда ҚМДБ «MUFTIYAT» баспасының кітаптары мен төл басылымдары және тарих пен алаш зиялыларының еңбектері яғни 2 мыңнан астам көркем әдебиеттермен толықтырылған «Анашым» және «Ар-Рахим» атты 2 мешіт салтанатты түрде ашылып, қала тұрғындарына пайдалануға берілді.
Открылись два духовно - просветительских центра с библиотеками \ AQTOBE TV
Рухани-танымдық орталықтарда кітапханалар ашылды \ AQTOBE TV
Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті \ AQTOBE TV
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әдебиеттанушы-ғалым Сәрсенбі Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе имамдары мен ұстаздарына арналған ҚМДБ бекіткен 4 бағыттың бірі — «Діни оқу-ағарту» аясында «Халал — шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылып, оған арнайы елордадан ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев келіп, спикер ретінде семинарды жүргізді.
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе имамдары мен ұстаздарына арналған ҚМДБ бекіткен 4 бағыттың бірі — «Ихсан және насихат» аясында «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты семинар ұйымдастырылып, оған арнайы елордадан РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров келіп, спикер ретінде семинарды жүргізді.
Бүгін РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына келген жұмыс сапары барысында «Munara» телеарнасының Ақтөбедегі студиясында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.
Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлымен кездесті.
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе қаласы бойынша діни рәсімдерді атқаратын жауапты молдаларға семинар өткізілді.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының бас имамы болып Думан Сайфулла тағайындалды.