Шалқарда имамға үй берілді
Кеше Шалқар ауданы, Бозой ауылында «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында Республика бойынша 253-ші баспана берілді деп хабарлайды «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.
Кеше Шалқар ауданы, Бозой ауылында «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында Республика бойынша 253-ші баспана берілді деп хабарлайды «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспан Шалқар ауданына жасаған арнайы сапарында жуырда тағайындалған аудан әкімі Жанболат Өтеғұлұлымен кездесті.
Бас имам Төлеби Дәділұлы Шалқар ауданында мешіт маңынан салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысты деп хабарлайды «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.
Жуырда өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті онлайн мәжілісі өтті. Жиналысқа наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс бас имамдары қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.
Шымкент қаласына арнайы ресми сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 252-ші баспана кілтін табыстау шарасына қатысты.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD докторы, доцент Қайрат Құрманбаев пен Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, «Исламтану» кафедрасының оқытушысы Нұржан Стамбакиевтың бірлесіп жазған «Намаз оқымайтын адам – кәпір» дейтіндерге жауап» атты кітабы жарық көрді.
Ақтөбеде ардақты Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с.) атынан нәпіл құрбан шалумен басталған қашықтан құрбан шалу шарасы өз мәресіне жетті. Карантин кезінде үйден шықпай, құрбан шалу рәсімін «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымына аманаттаған ақтөбеліктердің тапсырысы толықтай орындалды, - деп мәлімдеді брифингте Бас имам Төлеби Оспан.
Ақтөбе облысында «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында екі күн ішінде төрт баспана табыс етілді. Бас имам Төлеби Оспан мен Басқарма басшысы Әлімбек Тұралиев Байғанин және Темір ауданына арнайы жасаған сапарында әуелі аудан әкімдері Қ.Утаров және Ж.Батырханмен кездесіп, өңірдегі діни ахуалмен танысты. Сондай-ақ, акция аясында пәтер кілттерін табыстап, мұқтаж отбасылардың қуанышын бөлісіп қайтты.
Өздеріңізге белгілі, кеше өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жеңілдету жөнінде ұсыныстар айтылды. Алайда әлі де тыйым салынған орталықтардың қатарында діни нысандардың бар екендігі мәлім болды.
Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні «Нұр Ғасыр» мешіті жанынан құрылған жұмыс тобы қашықтықтан құрбан шалу рәсімін өткізді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүйелі түрде жүзеге асты. Облыс әкімінің қос бірдей орынбасары Аманғали Бердалин мен Мейрамбек Шермағанбет 08:00-18:00 аралығында мал сою орнында бақылап тұрды. Бұл өз кезегінде жұмыс барысында туындаған қиындықтарды дер кезінде шешуге мүмкіндік берді.
Биыл 31 шілдеде басталатын Құрбан айт мерекесін атап өтудің бірқатар ерекшеліктері болып отыр. Пандемияға байланысты өкінішке орай, биыл Құрбан айт намазы оқылмайды. Айт күндері мал базарлар жұмысы тоқтатылады. Бұрыңғыдай жаппай мал сату немесе мал сатып алу мүмкіндігі болмайын деп отыр.
Адам баласының бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Ол Отанын, отбасын, дінін, тілін құрметтейтін, ұлттық рухы жоғары азаматқа ғана тән.