Жаңалықтар
05 қаңтар 2026 18
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП–2025: ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты дін мамандарын даярлайтын Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы республикалық ислам институты, 9 медресе-колледж және 11 қариларды даярлау орталығы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.

Жаңалықтар
04 қаңтар 2026 26
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП–2025: ИХСАН ЖӘНЕ НАСИХАТ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 7 371 УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖАРИЯЛАНДЫ

2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ихсан және насихат бағыты бойынша әлеуметтік желілер арқылы уағыз-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, сондай-ақ өңірлерде семинарлар ұйымдастырды. Бекітілген жоспар аясында атқарылған жұмыстар қоғамда рухани тәрбие мен имандылық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Жаңалықтар
02 қаңтар 2026 246
«Бақытжан»: 25 отбасыға қуаныш сыйлады

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға» қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе қаласында «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен Жаңақоныс ауылындағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға зекет таратылды.

Жаңалықтар
02 қаңтар 2026 21
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП–2025: ДІН МЕН ДӘСТҮР БАҒЫТЫ БОЙЫНША 15 321 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жүйелі жұмыс жүргізіп, республика көлемінде 15 321 іс-шара ұйымдастырды. Аталған іс-шараларға 900 580 адам қамтылды.

Жаңалықтар
01 қаңтар 2026 11
ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай мүфтият орталық аппарат қызметкерлері мен облыстардың Бас имамдарынан құралған командалар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық шара діни қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және өзара ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.

Жаңалықтар
27 желтоқсан 2025 278
«МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2025»: «ҮЗДІК ДІНИ САЙТ» — NURGASYR.KZ

Елорда да ҚМДБ-ның қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі — 2025» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, «ҮЗДІК ДІНИ САЙТ» номинациясы бойынша NURGASYR.KZ сайтының Бас редакторы Ақтолқын Тажикованы марапаттады.