РАМАЗАН-2025: АҚПАРАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол Рамазан айының алғашқы он күнінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.



































