Ақтөбедегі «Safa» мейрамханасы «Халал Даму» сертификатына ие болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарты бойынша Ақтөбе қаласындағы «Safa» мейрамханасы ресми түрде сертификатталды.
«Халал Дамудың» Ақтөбе облысы бойынша жауапты технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы аталған қоғамдық тамақтану орнында арнайы бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында асүйдің тазалығы, қолданылатын шикізаттар мен өнімдердің құрамы, сондай-ақ қызмет көрсету үдерісінің шариғат пен халал стандарттарына толық сәйкестігі жан-жақты зерделенді.
Зерттеу мен тексеріс қорытындысы оң бағаланып, мейрамханаға арнайы «ҚМДБ Халал» сертификаты берілді. Куәлікті Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов мейрамхана ұжымына салтанатты түрде табыстап, алдағы жұмыстарына береке тіледі. Мейрамхана мекенжайы Әбілқайыр хан даңғылы, 46/4.
Айта кетейік, сертификатталған мекемелерде халал талаптарының сақталуы алдағы уақытта да жергілікті технолог мамандардың тұрақты бақылауында болады.
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі



































