Ақтөбеде мешіт қызметкеріне Ұмра сапарына жолдама табысталды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шаруашылық меңгерушісі Ғабит Еркінұлы Ғалимовке мешіт жамағатының демеушілігімен қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына кіші қажылыққа жолдама берілді.
Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли көпшілік алдында Ғабит Еркінұлына Ұмра сапарының сертификатын салтанатты түрде табыстап, қасиетті сапардың сәтті әрі қабыл болуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде мешіт қызметкері игі іске мұрындық болған барша жамағатқа алғысын айтып, ақ батасын берді.
Бұл бастама – дін жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға деген құрмет пен жамағат арасындағы жанашырлықтың, ауызбіршіліктің жарқын көрінісі. Алла Тағала сапарын оңғарып, Ұмрасын қабыл етсін!
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі





































