Жаңалықтар
18 наурыз 2025 311
Ырғыз жамағатына ас беру мәдениеті түсіндірілді

Ырғыз ауданының бас имамы Ардақ Жұмабекұлы мешіт жамағатына елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ас беру мәдениеті» атты құжатын таныстырды.

Жаңалықтар
18 наурыз 2025 281
Алға мешітінде 35 мұқтажға азық-түлік таартылды

Алға аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешітінде аудан бас имамы Абдуахид Абдурасулов имамның ұйымдастыруымен Ораза айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Рамазан сыйы» бастамасына орай аз қамтылған 35 отбасыға Рамазан айы құрметіне азық-түлікпен қайырымдылық таратылды.

Жаңалықтар
18 наурыз 2025 326
Имамдар ұлттық киімдерді дәріптеді

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыстың Бас имамы Амантай Садиев бастаған қала, аудан мешіттерінің имамдары «ұлттық киім күніне» орай халық арасында қазақи үлгідегі киім үлгісін киюді насихаттап, дін мен дәстүрдің егіз ұғым екенін әрқашан дәріптеуде.

Жаңалықтар
17 наурыз 2025 79
АЛҒАШҚЫ ОН КҮНДЕ 1012 МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл хабарлады.

Жаңалықтар
17 наурыз 2025 73
РАМАЗАН-2025: ОН КҮНДЕ 834 816 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет хабарлады.

Жаңалықтар
17 наурыз 2025 71
БАС МҮФТИ РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНДІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігін қорытындылауға арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

Жаңалықтар
17 наурыз 2025 398
Мешітте мұқтаждарға 1 миллион теңге зекет үлестірді

16 наурыз күні, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Ардақ Өтегенов 50 мұқтаж отбасыға 1 миллион теңге көлемінде зекетін үлестірді.

Жаңалықтар
17 наурыз 2025 481
Ақтөбеде облыстық бата сайысы өткізілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде биыл ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен бекітілген «Ислам және отбасы құндылығы» жылы негізінде ҚМДБ 4 жұмыс бағытының бірі – «Дін мен дәстүр» аясында сан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастырып, халық арасында насихаттау мақсатында ақсақалдар арасында Республикалық бата байқауына облыстық іріктеу сайысы өтті.

Әйел-қыздар секторы
16 наурыз 2025 347
Мешіт шәкірттеріне «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітаптары таратылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен жоспарына сай Ақтөбе өкілдігінде Ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен Рамазанның екінші онкүндігінде Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің шәкірттеріне «Оразаға қатысты 150 сұрақ» атты анықтамалық кітапшасы таратылды.

Жаңалықтар
16 наурыз 2025 314
Облыстық мешіттің наиб имамы іс-сапармен Хромтауға барды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен Рамазан айындағы жоспарына орай «Нұр Ғасыр» мешітінін наиб имамы, «Qamqor-Sharapat» орталығының Ақтөбе облысы бойынша директоры Мажит Абишев Рамазанның екінші он күндігінде арнайы іс сапармен Хромтау ауданына барды.

Жаңалықтар
16 наурыз 2025 314
Ойылда бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» таратылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айына бекіткен жоспарына сай «Ойыл аудандық» мешітінің ұйымдастыруымен «Асанәлі» балабақшасында бүлдіршіндерге 22 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды.