Инаятулла  Мансур 194

Инаятулла Мансур

01 қазан 2020 37984 Оқу 1 минут

Инаятулла Мансур - 1982 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

1998-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Ықылас жастар қоғамдық бірлестігі» жанынан ашылған Құран жаттау үйірмесінде Құранды толық жаттап шықты.

2000-2001 жылдары осы аталған үйірмеде қызмет атқарды.

2000 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұңғыш рет ұйымдастырған «Республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу» жарысында Құранның 5 парасы номинациясы бойынша 1 орынды иеленді.

2001 жылы ОҚГ академиясына оқуға түсіп, 2007 жылы ОҚП университетінің «араб тілі» мамандығын бітірді.

2002 жылы Үндістан мемлекетінің Нью-Дели қаласында, 2009 жылы Индонезия Республикасының Жакарта қаласында, 2011 жылы Иран ислам Республикасының Мешхед қаласында өткен Құран жарыстарына қатысып, жоғарғы орындарға ие болған.

2009-2010 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институтында ұстаздық қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.

2011-2013 жылдары осы аталған оқу ордасында араб тілі мамандығын оқып, Халил ибн Ахмад Әл-Фараһидидің «Әл айын» еңбегі бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.

2014 жылы Шымкент қаласы, «Абдулхамид Қаттани» қалалық мешітінде ұстаздық қызмет атқарды.

2015-2017 жылдары «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің дінтану мамандығы бойынша оқып, «XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы діни философиялық бағыт» атты тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғап шықты.

2016-2018 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы, Дархан ықшам ауданындағы «Дархан» мешітінде ұстаз қызметін атқарды.

2108-2020 жылдары Туркия Республикасы Стамбул қаласында «Дар Әс-сәлам» атындағы Құран жаттау курсында он қырағат иесі Халид Хасан Рашид Даруиша атты шейхтан «Хафс ан Асим» қырағатының Тайба риуаятынан ижаза (силсиласымен бірге) алған. Сонымен қатар Мухаммад Абдуссалам Баракат атты шейхтан «Шатыбия» қырағатының Тайба риуаятынан ижаза ( силсиласымен бірге ) алды.