БАС МҮФТИ ЕЛОРДАЛЫҚ ҚАЖЫЛАРДЫ ҚАСИЕТТІ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Асыл дініміздегі бес парыздың бірі – қасиетті қажылық сапарын өтеуге аттанған елордалық қажылардың соңғы легі Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшып шықты. Қасиетті мекенге бет алған қажыларымызды шығарып салу рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ақ жол тіледі.



































