Жаңалықтар
29 мамыр 2026 119
Құрбан айттың үшінші күні 81 отбасы, 5 мекемеге 2 жарым тоннадан астам құрбандық еттері таратылды

Бүгін Құрбан айттың үшінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 81 отбасы, 5 мекемеге 2 жарым тоннадан астам құрбандық еттері таратылды.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 165
Ауданның бас имамы кеншілер мен өндіріс қызметкерлерін Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали өндіріс орындарында Құрбан айт қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысты.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 159
Түзету мекемесінде Құрбан айт мерекесі өтті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі, облыстың бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен Ақтөбе қаласындағы №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға арналған арнайы Құрбан айт мерекесіне арналған мерекелік дастархан жайылып, рухани-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 86
Жатақхана студенттеріне құрбандық еті таратылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ойыл аудандық мешітінде «Құрбан айт — қайырымдылық көпірі» атты игі шара ұйымдастырылып, Ойыл кәсіптік колледжінің жатақхана студенттеріне құрбандық еті таратылды.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 107
Оқу ордасын Құрбан айтпен құттықтап, студенттерге құрбандық еті үлестірілді

Ақтөбе қаласындағы «Әл-ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры Сертай Жаржановты қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Жаңалықтар
29 мамыр 2026 164
#Құрбанайт2026: Ақтөбеде Құрбан айттың екінші күні 365 отбасыға құрбандық еттері таратылды

Құрбан айттың екінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша жалпы саны 176 мал құрбандыққа шалынып, 5440 келі ет 365 отбасыға үлестірілді.