Ақтөбе: «Халал апталығы» өз мәресіне жетті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңірлерде халал өнімдерін насихаттауды жандандыруды тапсырған болатын. Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің ұйытқы болуымен облыста «Халал апталығы» өтті. Өңірге Муфтиятқа қарасты «Халал Даму» мекемесінің басшысы А.Аташев арнайы іс-сапармен келді.



































