Ақтөбе имамдары арасында асық ату және воллейболдан сайыс өтті
ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бағдарлық баяндамасына орай 4 бағыттың бірі — «Дәстүр және отбасы» бойынша Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Бейімбетұлының ұйымдастыруымен қала мешіттерінің имамдарының арасында воллейболдан және ұлттық спорт түрі асық атудан сайыс өтті.



































