XV республикалық Құран жарысына 80 қари қатысты
Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық жарының екінші күні өтіп жатыр. 20 өңірден 4 номинациясы бойынша 9 жастан 30 жас аралығында 80 қари қатысты.
Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық жарының екінші күні өтіп жатыр. 20 өңірден 4 номинациясы бойынша 9 жастан 30 жас аралығында 80 қари қатысты.
Бүгін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін жанашырлары мен кәсіпкерлер Ақтөбе қалалық орталық мешіті және Хромтау аудандық «Нұр» мешіті мен Байғанин аудандық орталық мешітіне жаңа Chevrolet Cobalt қызметтік автокөлік уақып етті. Аталған көліктердің кілтін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде салтанатты түрде табыстады.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында өңір имамдарымен кездесіп, насихат айтты.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» бойынша ХV республикалық байқауы басталды. Жарыс барысында ақтөбелік қари 20 парадан қатысушысы Мырзабаек қари Хамитов пен 30 парадан қатысушы қызылордалық Нұртілеу қари Серікұлы «Мұнара» телеарнасы мен өңірдегі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
БАС МҮФТИ «МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ
Бүгін Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХV республикалық байқау басталды.
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық байқауының қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан салтанатты кешкі ас ұйымдастырылды.
Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Досжан Хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Игі шараға ҚМДБ төрғасы, зиялы қауым өкілдері, дін мамандары, ғалымдар БАҚ өкілдері, т.б жалпы 250 адам қатысты.
АҚТӨБЕ: БАС МҮФТИ БІРҚАТАР ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІН ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАДЫ
Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына арнайы келген жұмыс жаспары барысында Ақтөбе қаласында өткен «Досжан хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-танымдық конференцияда арнайы баяндама жасады.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласындағы орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен рухани шарада Ақтөбе жерінен шыққан ахуандар мен ишандар, сонымен қатар еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухынаарнап, 100 Құран хатым дұғасын жасады.
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы іссапармен Ақтөбе облысына келді. Сапар барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма уағызын айтты.
«Ұшырдың нисабы қандай және қанша мөлшерде беріледі?» деген ауыл шаруашылығына қатысты сұрақ та қойылды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің бастамасына орай Ақтөбе облысы өкілдігінде «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Игі шараға дін жанашыры, кәсіпкер, т.б демеушілік танытып, соның нәтижесінде 1000-нан астам балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табысталып, қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар бірқатар балаларға мектеп формалары да алып берілді.