Әлденов Бекжан Амангелдіұлы 63

Әлденов Бекжан Амангелдіұлы

04 қыркүйек 2020 6363 Оқу 1 минут

Әлденов Бекжан Амангелдіұлы, 1984 жылы 12 шілдеде Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. 1990-2001 жылдары қазіргі Ж.Жүсіпалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебін бітірген.

2002-2005 ж.ж. Египет Араб Республикасындағы әлемге әйгілі Әл-Әзһар университетінің жанындағы даярлық курсында араб тілін оқыды.

2006-2007 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Дару әл-Арқам» атындағы Құран жаттау орталығында қәсиетті Құранды толық жаттап шықты.

2008-2010 ж.ж. Алматы қаласындағы Көктөбе қарилар орталығында Құранды толық қайталап шықты.

2011 жылы 4-ші Республикалық Құран жарысында 10 пара бойынша 2 ші орынды иеленді.

2011-2015 ж.ж. «Нұр Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

2014-2017 ж.ж. Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты «Бәйкен» мешітінде қызмет етті.

2015-2017 ж.ж. «Нұр Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде магистратура оқыды.

2018-2020 ж.ж. Түркия Республикасында «Дару Әс-Сәлам» атындағы Құран курсында он қырағат иесі Холид Даруиш шейхтан «Хафс ан Асым» риуаяты және «Қолун ан Нафиғ» риуаяты бойынша ижаза алды.2020 жылы «Түркия Республикасының хафызы» сертификатын алды. Иран, Ресей, Кувейт елдерінде халықаралық Құран жарысына қатысқан.

Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы және Ақтөбе қаласында орналасқан «Ақжар қайырымдылық мекемесінде» (қарилар орталығы) директор. 2010 жылдан бері Құран хатым өтіп жүрген толық қари.

Үш баланың әкесі.