Қобда: Облыстың Бас имамы тарихи музейде болды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда бөліміне барып, тарихқа көз жүгіртіп, атадан балаға мирас болып келе жатқан көне мұраларды тану үшін музейде саяхат жасады.



































