Үздік шәкірттер марапатталды 6788

Үздік шәкірттер марапатталды

09 қараша 2026 43 Оқу 0 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде діни сауат ашу курсының үздік шәкірттері марапатталды. Рухани шара барысында дәріске тұрақты қатысып, Құран оқуды бастаған шәкірттердің жетістігі ерекше атап өтілді.

Атап айтқанда, мешіт ұстазы Мырзабек Хамитов қасиетті кітапты оқуға алғашқы қадам басқан шәкірттерге ынталандыру мақсатында Құран Кәрім кітаптарын және арнайы марапат қағаздарын табыстады. Бұл бастама шәкірттердің діни білімге деген құштарлығын арттырып, алдағы уақытта Құранды толық меңгеру жолындағы талпыныстарына қолдау көрсетуді көздейді.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Құран дәрістері мен діни сауат ашу сабақтары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Танымдық сабақтар аптасына үш мәрте — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өткізіледі.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі