Ақтөбеде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында имамдар арасында волейболдан турнир өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Ақтөбе қалалық «Әл-Ләтиф», «Сүлеймен ата» және «Қайырқожа» мешіттерінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының имамдары және ұстаздары арасында волейболдан турнир өтті.
Спорттық шараның ашылу салтанатында Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли сөз сөйлеп, дін қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және өзара бауырмалдықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «» тобы, екінші орынды «Есет батыр» тобы, ал үшінші орынды «Ағалар» тобы иеленді.
Турнир барысында мешіт имамдары мен ұстаздары өзара бақ сынасып, спорттық бәсекемен қатар бауырмалдық пен бірліктің үлгісін көрсетті және осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі














































