«Ою-өрнекті әшекей» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында әйел жамағатына арналған «Ою-өрнекті әшекей» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлованың бастамасымен өткен шараның мақсаты ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының ою-өрнек өнерін дәріптеу, әйелдер қауымын қолөнерге баулу және ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың сабақтастығын көрсету.
Шара барысында Анар Қойшығұлова дін мен дәстүрдің үйлесімділігі, әйел адамның отбасындағы тәрбиелік рөлі, қолөнердің сабырлылыққа, ұқыптылық пен әсемдікке баулудағы маңызы жөнінде насихат айтты.
Шеберлік сағатын қолөнер шебері Динара Мұхамметқазиева жүргізіп, қатысушыларға ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын жасау жолдарын таныстырды. Әшекей жасауда қолданылатын бояулар мен бояу техникасының ерекшеліктерін түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетті.
Қатысушылар шеберлік сағатына белсенді қатысып, қолөнердің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі








































