«Жастар және қоғам» атты рухани-танымдық шара өтті 6792

«Жастар және қоғам» атты рухани-танымдық шара өтті

12 қараша 2026 26 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық қайырымдылық мекемесінде әйел жамағатына арналған «Жастар және қоғам» атты рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды шараға ауданның белсенді әйелдер қауымы мен қыз-келіншектері қатысты.

Шара барысында Ұстаз Жұлдыз Тлеубай денсаулықты күту, бос уақытты тиімді пайдалану мен қаржыны дұрыс басқарудың тәсілдерін түсіндірді. Ал психолог Әлия Айтжанова тұлғалық кемелдену жолы, өзін тану, эмоционалдық тұрғыдан жетілу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар ұстаз Арай Бақытқалиева қарым-қатынас мәдениеті мен көркем мінездің адам өміріндегі орны туралы сөз қозғады. 

Одан өзге іс-шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, сурет салу (арт-терапия) арқылы өз ойлары мен ішкі түсініктерін бейнеледі.

Кездесу соңында әйел жамағаты өзара пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына мамандардан тұщымды жауап алды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі