Жат діни ағымдардың алдын алу — ортақ міндет 6771

Жат діни ағымдардың алдын алу — ортақ міндет

03 қараша 2026 25 Оқу 1 минут

Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр ҚМДБ-ның «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты аясында Ойыл кәсіптік колледжінің студенттеріне «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында семинар өтті. 

Семинардың негізгі мақсаты — жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, олардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту.

Кездесу барысында жастарға жат діни ағымдардың қоғамға және жеке адам өміріне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сондай-ақ дін атын жамылған теріс ағымдардың арбауына түспеудің жолдары, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңызы және дәстүрлі діни құндылықтарды ұстанудың қажеттілігі айтылды.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі