Құран тәпсірінен дәрістер басталды 6770

Құран тәпсірінен дәрістер басталды

03 қараша 2026 25 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатқа арналған Құран Кәрім тәпсірінің апталық дәрістері өткізіліп жатыр. Сабақ әр сенбі сайын мешіт ұстазы Гүлжайнар Мұсақызының жетекшілігімен тұрақты түрде ұйымдастырылады. 

Дәріс барысында Ислам әлемінде жоғары бағаланған Мұхаммед Әли ас-Сабунидің «Тәпсірлердің таңдаулысы» (Сафват ат-тафасир) кітабы негізге алынған. Сабақтарда қасиетті Құран аяттарының терең мағынасы мен түсіндірмелері баяндалып, ондағы ғибратты тұстар мен рухани тағылымдарға баса назар аударылады.

Дәрістердің басты мақсаты — жамағаттың діни сауаттылығын арттырып, Құран аяттарының терең мән-мағынасын түсіндіру және қасиетті кітап тағылымдарын күнделікті өмірде ұстануға бағыт-бағдар беру.

Құран тәпсірінен берілетін бұл сабақтар жамағаттың рухани білімін жетілдіруде үлкен маңызға ие. Ақтөбе қалалық орталық мешіті барлық ниет білдіруші қала тұрғындары мен мешіт жамағатын сенбілік рухани дәрістерге қатысуға шақырады.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі