Ақтөбе: «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті 6781

Ақтөбе: «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті

06 қараша 2026 20 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат  тапсырмасы және Ақтөбе облыстық өкілдіктің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық «Қайырқожа», «Әл-Ләтиф» және «Сүлеймен ата» мешіттерінің ұйымдастыруымен «Қайырқожа» мешітінде дін қызметкерлеріне арналған тсеминар өтті. Аймақ имамдары мен ұстаздарының кәсіби біліктілігін одан әрі шыңдауды көздеген басқосу «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» тақырыбына арналды.

Жиынның басты спикері ретінде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов қатысып, тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады.

Семинар барысында шариғат бойынша пәтуа берудің салмағы мен жауапкершілігі, діни үкім шығарудағы терең ілімнің маңызы, сондай-ақ ҚМДБ тарапынан бекітілген пәтуалардың мәні мен оларды уағыз-насихат жұмыстарында қолдану тәртібі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар спикер қазіргі қоғамда жиі туындап отырған өзекті діни мәселелерге тоқталып, олардың шариғат аясындағы шешімдерін саралады.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып аясындағы көкейкесті сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Дін қызметкерлерінің уағыз-насихат және пәтуа беру ісіндегі жауапкершілігін тереңірек түсінуге бағытталған бұл тағылымды шара жоғары деңгейде қорытындыланды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі