«Отбасы құндылықтары неде?» атты«Балдыгүл ана» қарилар мектебінің басшысы Гүлзат қари Ақүрпековамен кездесу өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ҚМДБ, Ақтөбе қалалық орталық мешіті және «Ихсан» орталығының бірлесуімен әйелдер жамағатына арналған «Отбасы құндылықтары неде?» атты тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің арнайы қонағы – «Балдыгүл ана» қарилар мектебінің басшысы, РАТТ мүшесі Гүлзат Қари Ақүрпекова.
Тағылымды кездесуге 80-ге жуық әйел жамағаты қатысты.
Шара барысында Гүлзат Қари отбасы берекесі мен неке беріктігі, қазіргі заманғы әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орны, бала тәрбиесі, сондай-ақ Құранның адам өміріндегі қадір-қасиеті туралы мазмұнды насихат айтты.
Жиын барысында әйелдер жамағаты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі және рухани тәрбиеге қатысты пайдалы кеңестер алды.








































