Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің Ұстаздар күнімен құттықтауы 6698

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің Ұстаздар күнімен құттықтауы

05 қазан 2026 39 Оқу 0 минут

Қадірлі, ардақты ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Асыл дініміз Исламда ілім алу мен оны өзгеге үйретудің орны ерекше жоғары бағаланады. Қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы аяты да «Оқы!» деген бұйрықпен басталған. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен көркем мінез бен ілімді толықтыру үшін ғана мұғалім етіп жіберілдім», – деп, ұстаздық жолдың пайғамбарлық миссия екенін айтқан.

Ұстаз — тек пән мұғалімі емес, ол — жас ұрпақтың жүрегіне имандылық, адамгершілік және отансүйгіштік нәрін егетін рухани тәрбиеші. Еліміздің болашағы, саналы да сауатты азаматтардың қалыптасуы сіздердің төзімділіктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Осынау мәртебелі де жауапты қызметте көздеген мақсаттарыңыз орындалып, шәкірттеріңіз биік белестерден көрінсін. Алла Тағала еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық нәсіп етсін! Дүние мен ақыретте дәрежелеріңіз үстем болсын!

Игі тілекпен, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев