Ойылдықтарға діни басылымдар таныстырылды 6714

Ойылдықтарға діни басылымдар таныстырылды

09 қазан 2026 35 Оқу 1 минут

Ойыл ауданында Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр аудандық белсенді өмір сүру орталығының апаларымен кездесу өткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің мазмұны мен маңызын таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға діни басылымдардың мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, олардың рухани тәрбие берудегі, діни сауаттылықты арттырудағы және асыл дініміздің құндылықтарын насихаттаудағы рөлі айтылды.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың діни сауатын арттырып, рухани-танымдық басылымдар арқылы ізгілік пен имандылық құндылықтарын кеңінен насихаттау.