Ойылда «Ислам және адал қоғам» тақырыбында кездесу өтті
Ойыл аудандық полиция бөлімінде «Ислам және адал қоғам» тақырыбында тағылымды кездесу өтіп, ауданның бас имамы Бақжарық Қызыр және полиция қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Ислам дініндегі адалдық, әділдік, аманатқа беріктік және жауапкершілік сынды асыл құндылықтардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Ауданның бас имамы адам баласының қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, әрбір қызметтің адал ниетпен әрі халық игілігі үшін атқарылуының маңызын атап өтті.
Сонымен қатар қоғам тыныштығы мен бірлігін сақтауда имандылық пен адамгершілік қағидаларының алар орны сөз болды. Дін мен тәртіптің үйлесімі, өзара құрмет пен татулықты нығайту мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері діни және рухани бағыттағы сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































